Жыл сайын университетімізде келісті жалғасын тапқан, ІV курс студенттерінің қатысуымен «БҚМУ-дың үздік студент-педагогы» конкурсы өтеді. Сайыста болашақ студент-педагогтар арасынан ең үздіктері анықталады. Бұл шара мақсаты елбасы жарлығымен, өткен жылдың 7 желтоқсанында бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы «Педагог мәртебесі» бөліміне сәйкес, мұғалімдік қызметке студенттердің сүйіспеншілігін арттырып, педагог мәртебесін көтеру; болашақ педагогтің жан-жақты біліммен қаруланып, ұйымдастыра білу қабілеттерін жетілдіру; педагогикалық сараманнан алған тәжірибелерін жинақтай білуге, жаңашылдықты үйренуге баулу және студенттер арасында ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
«Ұстаз болу жүректің батырлығы,
Ұстаз болу сезімнің ақындығы» - деп Ғафу Қайырбеков ағамыз айтқандай, қоғамдағы сұраныс бойынша бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білікті, білімді болуы керек.

«БҚМУ – дың үздік студент - педагогы» конкурсының жалпы ЕРЕЖЕСІ

«БҚМУ-дың үздік студент-педагогы» конкурсы бойынша есеп

FaLang translation system by Faboba