Кездесудің басты мақсаты – университет бітіруші түлектерге «Самрұқ-Қазына» АҚ бастамасымен 2017 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Жас өркен» бағдарламасын түсіндіру, насихаттау болып табылады. Аталған шараға «Самрұқ-Қазына» АҚ-ң корпоративті оқытуды дамыту орталығының маманы Кинисова Дарина арнайы қатысты. Кездесуге сондай-ақ университет түлектерімен қатар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің түлектері де қатысты. Кездесуді жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Ж.Е.Ешимова ашты. Сөз алған «Самрұқ-Қазына» АҚ-ң корпоративті оқытуды дамыту орталығының маманы Кинисова Дарина түлектерге «Жас өркен» бағдарламасы туралы толық ақпарат беріп өтті. Кездесу барысында түлектер өз сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Кездесу соңында түлектерге арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылды.

FaLang translation system by Faboba