Кездесуге Назарбаев Университеті, қабылдау департаментінің бас менеджері А.А.Жазыкпаева, кабылдау департаментінің маманы А.Е.Сабырбекова және Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің зертхана ассистенті М.Қоянбаев қатысты. Кездесу барысында Назарбаев Университетінің өкілдері аталған оқу орны, ондағы дайындық топтары (Foundation), бакалавриат, магистратура, докторантура мамандықтары, оларға түсу жолдары мен талаптары, қажетті құжаттар тізімдемесі туралы жан-жақты әрі толық мағлұмат беріп өтті. Назарбаев Университеті туралы арнайы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Студенттер мен магистранттар, жас оқытушылар қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толық әрі нақты жауап алды. Кездесу диалог, өзара пікірталас түрінде өтті.

FaLang translation system by Faboba