Кездесудің басты мақсаты – университет бітіруші түлектерге «Болашақ» стипендиясы, Үкіметаралық гранттар және шетелдік серіктес ЖОО атынан берілетін гранттар туралы жан-жақты толық мәлімет беру, түсіндіру, аталған бағдарламаларды кеңінен насихаттау болып табылады. Кездесуге университетіміздің барлық факультеттерінің 3-4 курс студенттері, профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Шараға Астана қаласындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің менеджері Токпаева Гүлмира Ерболатқызы арнайы қатысты. Кездесуде сөз алған Токпаева Гүлмира студенттерге «Болашақ» стипендиясы, Үкіметаралық гранттар және шетелдік серіктес ЖОО атынан берілетін гранттар туралы жан-жақты толық мағлұмат беріп өтті. Кездесу барысында түлектер аталған бағдарламалар төңірегінде өз сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды. Кездесу пікірталас түрінде өтті.

 

FaLang translation system by Faboba