Кездесудің басты мақсаты – оқуды бітірген соң міндетті жұмыс жасап өтеу бойынша ҚР «Білім» туралы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормалары туралы бітіруші түлектерге жан-жақты толық ақпарат беру және түсіндіру. Кездесуге университетіміздің барлық факультеттерінің «ауылдық квота» шеңберінде және мемлекеттік білім тапсырысы негізінде білім алып жатқан бітіруші курс студенттері мен магистранттары қатысты. Шараға Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қаржы орталығы» АҚ-ның әлеуметтік жобалар мониторингі департаментінің маманы Серікқали Ақзира Серікқалиқызы арнайы қатысты. Кездесуде сөз алған Серікқали Ақзира бітіруші түлектерге оқуды бітірген соң міндетті жұмыс жасап өтеу бойынша ҚР «Білім» туралы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормалары туралы жан-жақты толық ақпарат берді. Кездесу барысында бітіруші студентер мен магистранттар аталған мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды. Кездесу пікірталас, диалог, сұрақ-жауап түрінде өтті.

 

FaLang translation system by Faboba