ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Бекітемін»
Тарих және құқық
факультетінің  деканы м.а.
_____________ Абулкасова Д. Б.
«______»____________ 20___ ж.

Мырзабаева Б.М.

Оқу-танысу және өндірістік сараман бойынша әдістемелік құрал

050505 – «Аймақтану»
050202 – «Халықаралық қатынастар»
мамандықтары бойынша

Орал - 2010

Мырзабаева Б.М., Оқу-танысу және өндірістік сараман бойынша әдістемелік құрал (050505 – «Аймақтану», 050202 – «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша) – Орал: М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2010.

 

Бағдарлама Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының мәжілісінде бекітілген. Хаттама № ___ ____    _______________ 200_ ж.

Кафедра меңгерушісі м.а.: ____________________ Абулкасова  Д.Б.

Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген.
Хаттама № ___ ____    _______________ 200_ ж. 
Төрағасы: ______________

 

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесі баспаға ұсынған

Мазмұны:

  • Оқу-танысу сараманның мақсаты мен міндеттері.
  • Өндірістік сараманның жалпы ережелері.

2.1.Өндірістік сараманның негізгі міндеттері
2.2.Өндірістік сараманды ұйымдастыру
2.3. Өндірістік сараман бағдарламасы

  • Оқу-танысу және өндірістік сараман  есебін жазуға әдістемелік нұсқау және сараман нәтижелерін қорытындылау
  • Қосымшалар (үлгі).
  • Сараман бойынша бағалау критериясы

1. Оқу-танысу сараманның мақсаты мен міндеттері.

Оқу-танысу сараманы – жоғарғы оқу орындарындағы білім берудің құрамдас бөлімі ретінде студенттердің дәрістік сабақтарда алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, оқыту әдіс-тәсілдерін меңгеруге үйрену болып табылады.
Оқу-танысу сараманы – болашақ халықаралық қатынастар және аймақтану мамандары жұмыс жасайтын әр алуан мекемелер мен әкімшілік органдар және университет арасындағы байланысты тереңдетуде, болашақ мамандарды қоғамдық тұрмысқа бейімдеуде үлкен қызмет атқарады.
Оқу-танысу сараманы кезінде халықаралық ұйымдар өкілеттілігі, мәдени орталықтар, трансұлттық компаниялар мен шет елдік коммерцияық ұйымдар, халықаралық бейүкіметтік ұйымдар, ақпараттық-сараптамалық ұйымдар және ғылыми зерттеу орталықтары, білім беру мекемемелері оқу-тәрбие мекемелері мен кафедра, институт,университет арасындағы байланыстар қалыптасып, болашақ мамандарды даярлауда күш әректтерді, тәжірибені біріктіруге мүмкіндік береді
Осыған орай оқу-танысу сараманы бағдарламасының негізгі міндеттері мынадай:

  • Оқу-танысу сараманның мақсаты студенттердің әр түрлі мемлекеттік және халықаралық ведомстволардың құрылымымен таныстыру. Тәжірибе уақытында студенттер олардың қызметтерінің түрлерімен танысады.
  • Студенттер тәжірибеден өту кезінде ҚР-ның СІМ жүйесіндегі, ҚР-ның мемлекеттік және халықаралық ұйымдар (БҰҰ,ЕҚЫҰ) өкілеттіліктеріндегі, мәдени орталықтардағы, ақпараттық-сараптама және ғылыми-зерттеу орталықтарының, халықаралық байүкіметтік ұйымдар мен мемлекеттік емес кәсіпорындардың құжаттарымен таныса алады және де бұл мекемелер студенттердің мамандықтары бойынша тәжірибе өтуге студенттерге қолайлы жағдайлар жасайды.
  • Оқу-танысу сараманын өту үшін студенттер ең алдымен оқу-әдістемелік материалдармен (күнделік, нұсқаулық және т.б.) қамтамасыз етіліп, сараман өткізуге жауапты жетекші тағайындалады, сараман өткізу мерзімі белгіленеді.
  • Тәжірибешілерге референттік тәжірибелік дағдыларды үйрену мүмкіндіктері бар, олар іскерлік кездесулер мен қабылдауларға қатыса алады.

Оқу-танысу сараманының өту мерзімі «Халықаралық қатынастар» мамандығы үшін – 2 апта, «Аймақтану» мамандығы үшін – 4 апта.

2. Өндірістік сараманның жалпы ережелері:
Өндірістік сараман жоғарғы оқу орындарында оқуды аяқтайтын саты, ол теориялық білімді жүйелеуге, бекітуге және кеңейтуге көмектеседі, дербес зерттеу жұмыстың дағдыларына үйренуге мүмкіншілік береді.
Өндірістік сараман барысында студенттер өздері сараманды өтіп жатқан мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызмет тәжірибесімен танысады, сол ұйымдардың басшыларының бекіткен, сараман жетекшілерінің келісімі немесе тапсырмалары бойынша ұйымның басқару және өндірістік қызметтеріне араласады.
Сараманды жақсы өту мақсатында студент алдын-ала осы бағдарламамен танысу, ұсынылған әдебиетті оқу және жоғарғы оқу орнындағы сараман жетекшісінен кажетті кеңес  алу  керек.
Осы бағдарламаның негізінде сараман орнында тәжірибені өту үшін жеке күнтізбелік жоспар жасалуы қажет. Жоспарды студент сараман жетекшісімен келісіп жасайды, жоспарда келесі жағдайлар міндетті түрде қарастырылуы керек:
а) сараман барысында сараман бағдарламасында қойылған талаптарды студент орындауға міндетті;
б) сараман жетекшісі студентпен жеке  сұхбаттарды өткізіп, қалыптасқан жағдайларды талдауға міндетті;
в) студенттің жұмысына бақылау тәртібі және т.б.
Өндірістік сараман өту барысында студентке төмендегідей  міндеттер қойылады:

  • дер кезінде сараманды өту орнына келіп, жоғарғы оқу орнының белгілеген мерзімінде тәжірибені  өту;
  • дер кезінде сапалы және толық өндірістік сараман бағдарламасын және жеке жұмыс жоспарын орындау, орындалған жұмыстар бойынша материал жинау;
  • дер кезінде және сапалы түрде сараман жетекшісінің тапсырмаларын орындау;
  • еңбек және қызметтік тәртіпті қатал сақтау, сараман өтіп жатқан ұйымның ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағыну;
  • орындалған жұмысқа және оның нәтижелеріне ұйымның штаттық қызметкерлерімен қатар  жауап беру;
  • күнделікте күн сайын орындалған жұмыстарды белгілеу, жұмыстың орындалғанын, оның сапасын, кемшіліктерін сараман жетекшісі қол қойып растайды;
  • сараманды өткен соң сараман өткен ұйымның басшысынан  сын-пікір алу;
  • сараман жетекшісімен расталған сараман туралы есеп құрастыру, оны күнделік және сараман барысында әзірлеуге қолданылған құжаттармен бірге кафедраға тапсыру.

Өндірістік сараманға жетешілік жүзеге асырылады:
а) сараманды өту орынында – ұйымның басшысының шешімімен бекітілген қызметкер. Ол студенттің жұмысына тіке және  күнделікті басшылық жасайды, студентпен бірге, сараманды өту бағдарламасының негізінде, студенттің сараманды өту жеке күнтізбелік жоспарын құрастырады, күн сайын тапсырма береді, олардың орындалуын бақылайды, студенттің күнделігін тексереді, сараманның соныңда студентке сын-пікір береді.
б) жоғарғы оқу орнынан - жоғарғы оқу орнының басшысымен бекітілген оқытушы. Ол студенттердің сараманына жалпы жетешілік жасайды, сараманның өтуін қадағалайды, сараман барысында пайда болған сұрақтар бойынша көмек көрсетеді, сараман соңында студенттердің сараман бойынша есептерін қарайды және әрбір студенттің жұмысына сын-пікір береді.
Өндірістік сараман кезінде студент жетекші-қызметкер және жетекші-оқытушыға бағынады.

 

2.1.Өндірістік сараманның негізгі міндеттері
«Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандықтары бойынша студенттер өндірістік сараманды мемлекеттік органдарда немесе  мемлекеттік  кәсіпорындар мен мекемелерде өтеді.
Өндірістік сараманның негізгі мақсаттары мен міндеттері :

  • студенттердің жалпы мемлекеттік басқарудың жүзеге асырылуына үйрену, басқару  тәжірибесімен  танысу, басқарудың жеке функцияларын зерттеу;
  • мемлекеттік органның немесе кәсіпорынның қызметін стратегиялық және тактикалық жоспарлау, индикативтік жоспарлау әдістерін, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру тәжірибелерін  зерттеу. Басқару объектілерінің басымды ұзақ мерзімдік мақсаттары және оларға сәйкес стратегиялық бағдарламаларды жасау.
  • іскерлік кеңес, отырыс, кездесулерді өткізуді үйрену, шарт, келісім-шарт, ынтымақтастық туралы меморандум, шешімдер жобаларын жасауға қатысу;
  • талдау мен жоспарлаудың түрлі әдістерін пайдаланып, дербес кейбір есептерді әзірлеу, бөлімдер, қызметтер туралы инструкциялардың жобаларын әзірлеу;
  • сараманды өту туралы есеп және болашақ дипломдық жұмыс жазу үшін керекті материалдарды жинау және жүйелеу.

 

    • Өндірістік сараманды ұйымдастыру

Студенттер сараманды университеттің мамандық бойынша сараман өтуге лайықты деп таныған мемлекеттік басқару органдарында немесе мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде өтеді. Сараман орынын университет, студенттердің өздері ұсынуы мүмкін немесе сараман орны мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемкемелердің сұранысы бойынша белгіленеді.
Студенттің жұмыс орнын, органның бөлімшесін, студенттің сараманды өтуіне жауапты жетекшіні ұйымының бірінші басшысы белгілейді.
Студенттің сараманнан өтуін жалпы бақылауды мамандық бекітілген кафедра жасайды, сараманға нақты жетекшілікті кафедра бекіткен әдіскер жасайды. Жетекші студентке сараманға кетудің алдында нұсқау береді және сараман кезіндегі студенттің жұмысын бақылайды, сараманның соңында оның  нәтижелері бойынша жазбаша қорытынды жасайды.
Сараман мерзімі біткен соң студент кафедраға сараманның нәтижелері  туралы есеп, күнделік, сын-пікір және сараман барысында жинақталған құжаттарды тапсыруға міндетті.
Өндірістік сараман есептерін студент кафедраның арнайы құрылған комиссиясының алдында қорғайды, комиссия  есеп қорғауды  төрт баллдық жүйе бойынша  бағалайды (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз). «Қанағаттанарлықсыз» баға алу, тәжірибенің есебін тапсырмау - өндірістік сараманды қайта өтуді талап етеді, ал егер студент өндірістік сараманды өтуге сылбыр-салақ  қарайтын болса, сараман кезінде тәртіп бұзушылық жасаса немесе сараман есебін қорғау кезінде студенттің сараман бағдарламасын орындамағаны анықталса,  студент университетте сол  курста екінші жылға  қалдырылады. Өндірістік сараманды екінші рет өту мерзімдері мен тәртібі түрлі жағдайда кафедра және сараман жетекшісі арқылы шешіледі
Сараман нәтижелерінің бағасы теориялық курстардың емтихандық бағаларымен бірге есепке алынады.

 

2.3.Өндірістік сараман бағдарламасы
Өндірістік сараман мерзімі – 7 апта. Өндірістік сараман бағдарламасының мазмұны студенттер өндірістік сараманнан өтуге бағытталған мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметінің барлық жақтарымен, олардың жоспарлау, ұйымдастыру функцияларымен тәжірибеде танысуға мүмкіншілік беру мақсатымен жасақталған.

  • Оқу-танысу және өндірістік сараман  есебін жазуға әдістемелік нұсқау және сараман нәтижелерін қорытындылау

Оқу-танысу және өндірістік сараман бойынша есеп жазуға студент сараманды өтудің бірінші күнінен бастап әзірленуі керек. Есепте төмендегі мәселелер қамтылуы қажет:
а) сараман өткен ұйым туралы жалпы мәліметтер;
б) орындалған жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері;
в)  сараманды өту жеке күнтізбелік  жоспардың мазмұнымен  және оны орындау туралы мәлімет;
г) орындалған жұмыстардың түрлерін талдау және жүйелеу.
Есептегі мәліметтер сараман бағдарламасының мазмұны бойынша жазылады. Есеп сараман бағдарламасының сұрақтарына сәйкес жүйелі жазылуы керек. Есеп кафедраға сараман біткен соң келесі аптада тапсырылады.
Сараман қорытындысы бойынша есептің жалпы көлемі (қосымшаларсыз: кестелер, схемалар) компьютерде басылған 4-5 бет болуға міндетті. Есепте тек қана зерттеліп жатқан сұрақ бойынша негізгі, жалпы көрсеткіштер беріледі. Есеп стандарттық беттерде (ф.А-4, шрифт 14, интервал 1,5, беттердің жақтары: сол -3 см., оң – 2 см., жоғарға және төменгі жақтары – 2,5 см), беттердің төменгі жағында беттің номері болу керек, есеп папкаға салынып тігілу керек. Есепте әрбір сұрақтың басы бөлек көрсетілу керек, әрбір кестеде – алынған бастама көрсетілу керек.
Өндірістік сараман материалдары келесі тәртіппен жинақталады:

  • титулдық бет (үлгі бойынша);
  • мазмұны (беттердің номерін көрсетумен);
  • сараманды өту туралы жеке күнтізбелік жоспар;
  • сараман күнделігі;
  • сараман есебі;
  • қосымшалар (құжаттардың жобалары,  құжаттардың нысандары, кестелер, еспетер, схемалар).

Үлгі
Ќазаќстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих және құқық

Дүниежүзілік тарих және
әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Өндірістік сараманды өту туралы есеп

( мекеме, кәсіпорын атауы)

 

 

 

 

 

 

Орындаған ___курс  студенті       
________________________

Мамандығы_______________

_________________________
Сараман жетекшісі_________
_________________________

Орал, 2010 ж.

Үлгі

Ќазаќстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих және құқық

Дүниежүзілік тарих және
әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

ӨНДІРІСТІК САРАМАН КҮНДЕЛІГІ

студент  _______________________________________
(аты, тегі, фамилиясы)

_______ курс _________________ мамандығы

Орал, 2010ж.

1.Күнделік: орындалған жұмыстар туралы мәліметтер

Айы, күні

Орындалған жұмыстар туралы ќысќа мәлімет

Жетекшінің ќолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Студенттің өндірістік сараманды өту туралы сын-пікір

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
______   курс “ Халықаралық қатынастар” мамандығы
студенті_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

Өндірістік сараман 200 жылдың “____”________200 жылдың “____”____________ дейін________________________________________________________
_____________________________________________________________________________өтті
( орган, мекеменің атауы)

 

1. Студенттің сараман мерзіміндегі лауазымдыќ жағдайы _______________________________________________________________________

2. Студенттің лауазымдыќ міндеттерді орындауы, оның кәсіби дайындығы  туралы ќысќа сын-пікір
_________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Сараман ќорытындысы бойынша студенттің біліми, тәжіреибелік дағдыларының ќандай кемшіліктері туралы айта аласыз? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің осы мамандыќ бойынша мамандарды даярлау сапасын жаќсартуға байланысты Сіздің ұсынысыңыз __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5. Студентке өндірістік сараман ќорытындысы бойынша ұсынылатын баға _________________________________________
(жазумен)  
Сараман жетекшісі

 

3.Студенттің сараман өтуін бағалау. Сараман  өтудің жетістіктері мен кемшіліктері туралы ќысќа резюме. Баға төрт баллдыќ жүйе бойынша.

_____________________________________________________________________________­­­­­____
_________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Сараман есебін ќабылдаған тұлғалардың ќолдары:

_________________________________

_________________________________

_________________________________

«____» __________________ 200___ж.

5.САРАМАН БОЙЫНША БАҒАЛАУ КРИТЕРИЯСЫ
Сараман соңында жоғарыда көрсетілген құжаттарды талапқа сай тапсырылуына орай төмендегідей бағаланады:

 

Бағалау критериясы

Бағалау түрі

Өндірістік сараманды бағалау кестесі
Апта

Жұмыс үшін

Барлығы
%

1 апта

2

3

4

5

6

7

8

1.

Сараманға қатысуы

5

40

+

+

+

+

+

+

+

+

2.

Сараман кезінде тапсырмаларды орындау

2,5

20

+

+

+

+

+

+

+

+

3.

Сараман күнделігін жүргізу

1,8

15

+

+

+

+

+

+

+

+

4.

Сараман құжаттарын талапқа сай тапсыру

10

10

 

 

 

 

 

 

 

+

5.

Сараман қорытындысы бойынша есеп

15

15

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

100%

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba