2010-2011 оқу жылында университет бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы туралы есеп

Әрбір білім беру мекемесі үшін өз түлектерінің оқуды аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы осы жолда жасалған еңбектің жемісі болып саналады. Университеттің түлектерді жұмыспен қамту бойынша жылдық жоспары қорытындыланып, есеп беріліп отырады. 
Ағымдағы оқу жылы университетті 1070 студент тамамдады, олардың ішінде: 
- 443 педагогикалық; 
- 627 педагогикалық емес мамандықтың түлектері.
Дайындау бағыттары бойынша бітіріп шыққан студенттер құрылымы мынадай: бәрінен көбі - «Білім» классификациясы бойынша - 41,5%; түлектердің 26,2% «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Гуманитарлық ғылымдар» - 8,2%, «Өнер», «Құқықтану» -7,4%, «Қызмет көрсету» - 5,5%, «Техникалық ғылымдар және технологиялар» - 2,7%, «Жаратылыстану ғылымдары» -1% құрайды.

1- диаграмма


1-кесте
Педагогикалық мамандықтар түлектерінің факультеттер бойынша сандық көрсеткіші



Педагогикалық мамандықтар бойынша университетті 304 студент грант, оның ішінде ауыл квотасымен 120, ақылы негізде 139 студент аяқтады.

2-кесте
Педагогикалық емес мамандықтар түлектерінің факультеттер бойынша сандық көрсеткіші


2010 – 2011 оқу жылында сараманды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі университет әкімшілігінің қолдауымен түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымдастырылған бірқатар шаралардың негізгілері ретінде жұмыс берушілермен, мекеме өкілдерімен өткізілген кездесулерді атап өтуге болады.
2010 жылдың қараша айында «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері «Халық банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу бөлімінің бастығы А.Барышниковпен кездесті. Кездесу барысында қазіргі заман нарығының сұраныстарына сай орта және шағын бизнесті ұйымдастыру, оны өркендету мәселелері, бизнесмендерге жасалатын жеңілдіктер төңірегінде сұрақтарға жауап алынды.
Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде КПО б.в. компаниясы мен «Аударма ісі», «Экономика», «Халықаралық қатынастар», «Экология», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары студенттері кездесуі өткізілді. Мақсаты - жұмысқа орналасу мәселесі, студенттерді ұйымдастырылған өндірістік сараманға жіберу. Кездесуге компания эксперті Грем Мюррей, жетекші мамандар Шолпан Кадимовна Игизова және Әсел Қожахметова қатысты. Грем Мюррей ең алдымен КПО б.в. компаниясының тарихы, бүгінгі таңдағы жетістіктері жайында сөз қозғады. Кездесу барысында студенттер резюме құру, жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде, өздерінің өндірістік практикасы жөніндегі сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, «Еуразиялық банк» АҚ және Экономика және басқару институтының студенттері кездесуі Алматы қаласынан келген осы банктің рекрутинг және қызметкерлер даярлау Департаменті директоры Е.Барановтың қатысуымен өтті. Кездесуге келген студенттер қаржы саласындағы мамандықтарға қажеттіліктің қаншалықты екенін, осы саланың қызметкерлеріне қойылатын талаптар, олардың біліктілігін арттыру мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жөнінде сұрақтарын талқыға салды. 
2010-2011 оқу жылы түлектерін кейіннен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін қазан айында «Құқықтық пәндер» кафедрасында студенттерді өндірістік сараманға дайындау мақсатында кафедра оқытушылары Асильбекова Ғ.А., Набиев Ж.Н. «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби әдебі» тақырыбында дәріс өткізді. 
Осы шара шеңберінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Атап айтсақ, БҚО прокуратурасының өкілдері Р.С.Мажитов пен А.Сүйінәлиев студенттерге құқық қорғаушылардың кәсіби этикасы туралы дәріс өткізді. Бұл шараға «Құқықтану» мамандығының 4-курсының барлық студенттері қатысты. Дәріс құқық қорғаушылардың, атап айтсақ, прокуратура қызметкерлерінің, сот қызметкерлерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, адвокаттардың, нотариустардың қызметтік міндеттері туралы, олардың азаматтармен жұмыс жасау кезіндегі өзін-өзі ұстау ерекшеліктері туралы т.б. мәліметтерді толық қамтыды. Дәріс студенттерде қызығушылық тудырды.
Оқу жылы барысында «Экономикалық теория және бизнес», «Есеп және қаржы», «Менеджмент және кәсіпкерлік», «Құқықтық пәндер» кафедраларында «Жаңа технология заманындағы мамандардың тәжірибе алмасу жұмыстары» тақырыбында дөңгелек үстелдері ұйымдастырды. 
2011 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің БҚО бойынша комитеті төрағасының орынбасары Е.А.Әжібаев университет студенттеріне мемлекеттік қызмет жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді; «Бүгінгі студент - ертеңгі жас маман!», «Мамандық ерекшеліктері», «Жоғары білімді жас маманның алғы қадамдары» тақырыптарда жұмыс берушілермен кездесу мақсатында ашық есік күндері өткізілді.
Негізгі жұмыс берушілер ретінде ашық есік күндеріне БҚО Нотариаттық палатасы, Адвокаттар алқасы, облыстық (қалалық) жұмыспен қамту басқармасы, БҚО прокуратурасы, миграциялық полиция, Ішкі Саясат Басқармасы, т.б. құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет өкілдері де қатысты.
Жыл бойғы өткізілген дөңгелек үстелдер мен жұмыс берушілермен кездесулердің ең көлемдісі сәуір айында ұйымдастырылған 2010-2011 оқу жылының түлектерін жұмыспен қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында жоспарланған «Қазіргі заман жұмыс орын нарығы және жоғары оқу орындары түлектеріне қойылатын талаптар» тақырыбындағы жұмыс берушілермен кездесу. Кездесудің мақсаты – еңбек нарығының өзгеріп отыратын сұраныстарын айқындау және осы мәселер бойынша жұмыс берушілермен пікір алмасу. 
Шараға 20-дан астам мекеме қатысты, олардың ішінде «Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы кеңесі» БҚО филиалынан А.М.Акашаева, М.М.Капышева, Қалалық жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан Б.Х.Сулейменов, БҚО прокуратурасынан М.Р.Сейдағатұлы, БҚО Нотариаттық палатысынан Н.Г.Елегенова, БҚО Сотынан А.Т.Мазалиева, Орал қ. сотынан Ғ.С.Ищанов, облыстық биологиялық-экологиялық орталығынан Ф.Сағынбайқызы, Қазақстан бизнесмендерінің тәуелсіз Ассоциациясынан М.Мунайдарұлы, зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының БҚО бойынша филиалынан А.Т.Кожумов және басқалары бар.
Кездесуде экономика және басқару институты директоры Г.И.Нестеренко, тарих және құқық факультетінің деканы Д.Б.Абулкасова және математикалық-жаратылыстану факультетінің деканы А.Б.Медешованың мамандықтарды таныстыру презентациялары назарға ұсынылды.
Дөңгелек үстел барысында БҚО әлеуметтік-экономикалық салаларының сұраныстары негізінде мамандарды даярлау және қайта даярлау, кәсіби сараман уақытында жас мамандарды сынақтан өткізіп, алдағы уақытта жұмысқа орналасуы, 2011-2012 жылы жас мамандарға қажеттік мәселелері кеңінен талқыланды. Шараға қатысқан барлық мекеме өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында дөңгелек үстелде қаралған сұрақтар мен мәселелерді қорытындылай келе, ұсыныстар жобасы жасалды. 
Жоба бойынша жұмыс берушілерге университетпен әлеуметтік байланысын жетілдіруге (мақсатқа бағытталған мамандарды даярлауға гранттар мен стипендиялар бөлу, оқу-ғылыми зертханалық база құруға көмектесу); студенттерге кәсіби және дипломалды сараманнан өту кезінде көмектесуге; ұзақ мерзімді келісім-шартқа отыруға ықыласты болуға; мүмкіндігінше Мансап күні, жастар практикасы және тағы да басқа осы бағыттағы шараларға демеуші болуға; жоғары оқу орындарының түлектерін белгілі бір мақсатта мамандандыруды көздейтін ортақ бағдарламалар жасауға ұсыныстар жасалды.
Университетке институт/факультеттер арасында жұмыс берушілермен қарым-қатынастың инновациялық жобасын іске асыру бойынша конкурсын ұйымдастыруға; жұмыс берушілерді университеттің шараларына қатыстыруға; институт/факультеттерде компаниялардың презентациясын ұйымдастыруға жәрдемдесуге; университет түлектерінің іскерлік дағдысын және тілдік дайындығын қалыптастыруға ұсыныстар жасалды.
Сәуір айында дәстүрлі педагогикалық мамандықтарыдың түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысына Облыстық Білім Басқармасынан, Мәдениет Басқармасынан, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, мәдениет бөлімдерінің басшылары қатысты. Биылғы жылы оқуды тәмамдап отырған 443 студент білім бөлімдеріне жұмысқа орналасуға жолдама алды.

3-кесте
Педагогикалық мамандықтардың түлектерін тарату комиссиясының отырысы шешімінің қорытындысы



Түлектерді тарату комиссиясы отырысына, сонымен қатар, төмендегідей педагогикалық емес мамандықтар қатыстырылды: 
Сәндік өнер
Аспапта орындау
Вокалдық өнер
Дәстүрлі музыка өнері
Режиссура
Хореография
Кітапханатану және библиография
Мәдени-демалыс жұмысы
Филология: қазақ тілі
Филология: орыс тілі
Тарих (ғылыми)

Түлектердің таратылуы мен олардың жұмысқа орналасуында биылғы оқу жылында төмендегідей қиындықтар кездесті:
- Тарату комиссиясы отырысының барысында түлекті қарамағына қабылдаған білім беру ұйымдары кейіннен өз шешімдерінен бас тартты;
- Түлектер көп жағдайда ауылға барудан бас тартады.
Сонымен қатар, осы айда университет түлектеріне жұмысқа орналасуға көмектесу мақсатында ұйымдастырылатын маңызды шаралардың бірі «Мансап күні» (мамандықтар жәрмеңкесі) өткізілді. Шараға облыстық (қалалық) жұмыспен қамту басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ АФ, Қарашығанақ Пертролеум Оперейтинг Б.В, Қазақстан банктерінің облыстық филиалдары, «ПСП «Серік», «Сатбор» ЖШС, акционерлік қоғамдар, биологиялық-экологиялық орталықтар, туристік фирмалар тәрізді 40 жуық мекеме, 600-ден астам педагогикалық емес мамандықтардың студенттері қатысты.
Шара барысында университетті бітіргелі отырған жас мамандарға сынақ мерзімінен өтіп, өз мүмкіндіктері мен қабiлетін көрсетіп, тәжірибе жинап, қазіргі заманның жұмыс нарығында орнын табуға септігін тигізетін «Жастар практикасының» презентациясы көрсетілді; жұмыс берушілер мен студенттер арасында сұхбат жүргізілді; келген мекемелерге студенттер түйіндемелерін тапсырды.
Мекеме басшыларынан педагогикалық емес мамандықтардың түлектерін тарату аясында жүргізілетін осы шара түлектердің диплом берілген уақыттан кейін өткізілсе деген ұсыныстар түсті.
Жыл бойы студенттерге жүргізілген «Дипломмен ауылға» атты «Нұр Отан» партиясының бағдарламасын насихаттау акциясы барысында осы шараға қатысқан жоғары курс студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Онда ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан студенттердің әлеуметтік жағдайы мен бағдарлама бойынша оларға жасалған көтерме көмек мәселелері қаралды.
Желтоқсан айында дайындау бағыттары мен мамандықтар бойынша түлектердің электрондық базасы жасалып, ЖОО-ның сайтында, қаңтарда – БҚО ауыл жастары Одағының, БҚО кәсіпкерлері Ассоциациасының, ауылшаруашылық министрлігінің, облыс аудандары әкімдерінің, маусым айының басында еңбек және әлеуметтік бағдарламалар сайтарында орналастырылды. 
Аталған шаралар мен атқарылған жұмыстардың университет түлектерінің жұмысқа орналасуына септігін тигізгенін келесі көрсеткіштерден көруге болады.
2010-2011 оқу жылындағы түлектердің жұмыспен қамтылғандарының жалпы саны 786 адам; олардың 40% (329 адам) мемлекеттік тапсырыс бойынша және 60% (485 адам) ақылы негізінде оқығандар. Педагогикалық мамандықтар бойынша 443 студент университетті бітірген болса, соның ішінде 350 түлек (79%) жұмыспен қамтылған, педагогикалық емес мамандықтар бойынша бітірген 627 түлектің 464-і (74 %) жұмысбасты. 
Жұмыспен қамтудың қорытындысының салыстырмалы сараптамасы дайындау бағыттары бойынша мынадай нәтижелер көрсетті: жұмыспен қамтудың ең жоғары көрсеткіші түлектердің «Білім беру» бағытындағы - 79%; «Өнер» бағытында - 77 %,«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Гуманитарлық ғылымдар» - 70%, «Қызмет көрсету» - 69%, «Құқықтану» -50% жұмыспен қамтылғандығы байқалды.

2-диаграмма


3-диаграмма

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен білім беру гранттарын тағайындау ережесі бекітілген. Ережеге сәйкес ауыл квотасымен педагогикалық мамандық бойынша білім алып шыққан жас мамандар ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарында кемінде 3 жыл қызмет атқарулары қажет. Ауыл квотасымен грант негізінде аяқтаған 120 түлектің 17-і келесі себептермен жоғарыда міндеттен босатылып отыр: жүктілік; 3 жасқа дейінгі сәбилері болса; І немесе ІІ топтағы мүгедектер.

4-кесте
Педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген және жұмысқа орналасқан түлектерінің сандық көрсеткіші




5-кесте
Педагогикалық емес мамандықтар бойынша бітірген және жұмысқа орналасқан түлектерінің сандық көрсеткіші




Мәдениет және өнер факультетінің жұмыспен қамтылу қорытындысы

2011 жылында Мәдениет және өнер факультетінің барлық мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылу көрсеткіші 81% (187 түлектің 150 –і жұмыспен қамтылған) көрсетті.  

4-диаграмма


Экономика және басқару факультетінің жұмыспен қамтылу қорытындысы

Түлектер тарату шарасы кезінде экономика және басқару факультетінің түлектері ұйымдар тарапынан сұраныс болмағандықтан еркін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды және бұл мамандық түлектері көп жағдайда диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасады. 2011 жылдың қазан айының аталған факультетің түлектерінің 316 нің 218-і (69%) жұмысқа орналасқан, оның 2 мемлекеттік тапсырыс бойынша, 216 ақылы негізде оқығандар. Егер 2010 жылы түлектердің жұмыспен қамтылуының көрсеткіші 71,4% болса, 2009 жылы- 60%.
Биылғы оқу жылында сұранысқа ие мамандықтардың қатарында «Қаржы» (74%), «Ақпараттық жүйелер» (62%), «Есеп және аудит» (69%). Бұл жағдай мамандықтардың әмбебаптылығымен түсіндіріледі. «Туризм» (62%), «Экономика» (65%). «Мемлекеттік жергілікті басқару» (74%), «Менеджмент» (62%) мамандықтары жұмыспен қамтылудың төмен деңгейін көрсетті.

5-диаграмма

 

Тарих және құқық факультеті бойынша жұмысқа орналасу қорытындысы:

Тарих және құқық факультеті түлектерінің жалпы саны 182. «Тарих» (педагогикалық) -24 адам, «Тарих» (ғылыми) -16 адам, «Әлеуметтану»-11 адам, «Аймақтану»-11 адам, «Халықаралық қатынастар»-31 адам, «Экономика және құқық негіздері»-10 адам, «Құқықтану»-79 адам.

6-диаграмма

Тарих және құқық факультетінің жұмысқа орналасу көрсеткіші мынадай: «Әлеуметтану» мамандығы бойынша бітірген 11 түлектің қазіргі уақытта 7-еуі немесе 64% жұмысқа орналасты. Оның 1-еуі мемлекеттік грант иегерлері.  
«Аймақтану» мамандығы бойынша білім алған 11 түлектің 8-і немесе 73% жұмысқа орналасты. Оның 1-еуі мемлекеттік грант иегерлері.  
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген 31 түлектің 28-і (90%) жұмысқа орналасты. 
«Тарих» (педагогикалық) мамандығы бойынша 24 түлектің 20-сі (83%) жұмысқа орналасты, оның 13 түлегі мемлекеттік грант иегерлері болды. 
«Тарих» (ғылыми) мамандығы бойынша бітірген 16 түлектің 10 -сі (67%) жұмысқа орналасты. Осы түлектердің 4-і мемлекеттік грант иегерлері болды. 
«Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша бітірген 10 түлектің 8 -сі (80%) жұмысқа орналасты.
Сонымен, жалпы факультет бойынша 182 түлектің 149-і жұмысқа орналасқан. Грант негізінде білім алған 22 түлек, барлығыда жұмысқа орналасқан. Жұмысқа орналасқан түлектердің жоғары пайызын көрсеткен «Тарих» (педагогикалық) болды. Бұл көрсеткіш педагогикалық мамандықтарға сұраныс бар, сондықтан кәсіби бағдар жұмысын артыру қажет. 
Кафедра меңгерушілерінің айтуынша, «Құқықтану» мамандығын бітірушілердің жұмысқа орналасуының төмен болуына 1)мемлекеттік қызметтердің қысқартылуы; 2) мемлекеттік қызметте білімі мен квалификациясы сәйкес келмейтін мамандардың отыруы; 3) жас мамандардың жұмыс өтілінің болмауы бірден-бір себеп болып табылады. 
Сонымен қатар, «Құқықтану» мамандығының түлектері тәжірибесінің жоқтығына байланысты жұмысқа алынбау проблемасын шешу жолы ретінде кафедра жанындағы «Заң клиникасын» пайдалану мүмкіндігі бар. Онда тәжірибе жинақтаған студенттер бітіргенде арнайы құжат беруді қарастыруға болады.  
2010-2011 оқу жылында «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген көптеген түлектердің жартысы «Жол картасы» бойынша тәжірибеден өтуде. Бітіруші түлектер өз ауыл, аудандарына барып басқа сала бойынша да жұмысқа орналасуда.

Жаратылыстану-математика факультеті бойынша жұмысқа орналасу қорытындысы:

Түлектердің жалпы саны -181 түлек. 
Қазіргі таңда «Математика» мамандығын бітірген 29 түлектің 27-сы (93%) жұмысқа орналасты. Мемлекеттік грант иегерлері- 27 адам,
«Физика» мамандығы бойынша – 23 түлектің 19 (87%) жұмысқа орналасты, оның 18-і мемлекеттік грант иегерлері. 
«Информатика мамандығы бойынша бітірген 53 түлектің 36-і немесе 68% жұмысқа орналасты (олардың барлығы мемлекеттік грант иегерлері). 
«География» мамандығы бойынша -15 түлектің 12 (80%) жұмысқа орналасты, оның 5-і мемлекеттік грант иегерлері. 
«Экология» мамандығы бойынша 12 түлек бітірді және жұмысқа орналасқандар саны - 7 немесе 58% 
«Биология» мамандығын тәмамдаған 31 студенттің 22-і немесе (71%) жұмысқа орналасты, 3-і мемлекеттік грант иегерлері.
«Химия» мамандығы бойынша бітірген 18 түлектің 18-і немесе (100%) жұмысқа орналасты.

7-диаграмма


Педагогикалық факультет бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы:

түлектердің жалпы саны 81 адам (диаграмма 5).
«Педагогика және психология» мамандығын тәмамдаған 36 студенттің 24-і немесе (67%) жұмысқа орналасты, 4-і мемлекеттік грант иегерлері.
«Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандығын тәмамдаған 12 студенттің 12-і немесе (100%) жұмысқа орналасты, 12-і мемлекеттік грант иегерлері.
«Бастапқы әскери дайындық» мамандығын тәмамдаған 14 студенттің 10-і немесе (71%) жұмысқа орналасты, 8-і мемлекеттік грант иегерлері.
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығын тәмамдаған 19 студенттің 18-і немесе (95%) жұмысқа орналасты, 14-і мемлекеттік грант иегерлері.
Жалпы факультет бойынша 89 адам (94,6%) жұмысқа орналасты.

8-диаграмма



Филология факультетінің жұмысқа орналасу қорытындысы:


факультет түлектері 123 адамды құрайды, оның 68 мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыса, 55 ақылы түрде оқыды. 
Жұмысқа 100% орналасу «Филология: орыс тілі», «Филология: қазақ тілі» мамандықтары бойынша көрсетілген. Бірақ ескертетін жайт, осы мамандықтар бойынша барлығы 6 адам бітірді («Филология: орыс тілі»-3 адам, «Филология: қазақ тілі»- 3 адам). «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген 9 түлектің 8-і немесе 88% жұмысқа орналасты, барлығыда мемлекеттік грант иегерлері болды. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген 37 түлектің 26-і немесе 70% жұмысқа орналасты. Мемлекеттік грантта оқыған 28 түлектің 26-ы өз мамандықтары бойынша еңбек етуде. 
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алған 36 түлектің 27-сі (75%) жұмысқа орналасты. Оның 24-і мемлекеттік грант иегерлері.
«Аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген 35 түлектің 28-і немесе (80%) еңбекке орналасты. Мемлекеттік грантта оқығандар саны-2
Жалпы факультет бойынша бітірген 123 түлектің 99-і (85,5%) жұмысқа орналасты.

9-диаграмма

2011 жылы былтырғы жылға қарағанда 15 түлекке артық, (4,5 диаграмма ), пайыздық қатынаста жұмыспен қамту көрсеткіші былытырғы жылғыдан 0,7% жоғары. 

6-кесте 

Соңғы 3 жыл бойынша университет түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткішінің қозғалысы (%-бен)


2012 жылы университетті шамамен 934 түлек аяқтайды деп күтілуде. Педагогикалық мамандықтар бойынша грант негізінде 375, ауыл квотасы – 125 түлек; педагогикалық емес мамандықтар бойынша 106 грант (8-і ауыл квотасы) негізінде түлек аяқтайды.

Жалпы университет бойынша Жастар практикасы бағдарламасымен 8 түлек жұмыс жасауда:
Мамандық: Педагогика және психология (каз)- 4 тулек
Мамандық: Аударма ісі (қаз) - 1 тулек
Мамандық: Аймақтану (қаз) - 1
Мамандық: Экология (қаз) -1 
Мамандық: Құқықтану (рус) -1
12 түлек магистратурада оқуларын жалғастыруда
Мамандық: Қазақ тілі мен әдебиеті - 1- Магистрант, БҚМУ
Мамандық: Орыс тілі мен әдебиеті -1 Магистрант, БҚМУ
Мамандық: Шет тілі: екі шет тілі (қаз) - 1 Магистрант, БҚМУ
Мамандық: Шет тілі: екі шет тілі (рус) – 2 Моска қ., РУДН магистранты
Мамандық: Тарих ғылыми (рус) - 1 Магистрант, БҚМУ
Мамандық: Экология (қаз) – 1 Магистрант, БҚМУ
Мамандық: Математика (каз)- 1 Магистрант
Мамандық: Педагогика және психология (рус) – 2 Магистрант, БҚМУ
Мамандық: Дене шынықтыру және спорт (каз) -1 Магистрант, БҚМУ
Мамандық: Дене шынықтыру және спорт (рус) – 1 Магистрант, БҚМУ

4 түлек КПО б.в. компаниясында өткен сарамандарының нәтижесінде аталған орында қызмет атқаруға қалдырылды.
Мамандық: Халықаралық қатынастар - 1 түлек
Мамандық: Аударма ісі - 3 түлек
6 түлек Ресей Федерациясына қоныс аударды
Мамандық: Дене шынықтыру және спорт (рус) -1 РФ азаматы
Мамандық: Бастауышты оқыту педагогикасы мен методикасы (рус) - 2 РФ азаматы
Мамандық: Есеп және аудит (рус) -1 
Мамандық: Есеп және аудит (рус)-2

Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша 6 түлек ҚР ӘК қатарына шақырылды

«Жоғары білікті мамандардың дайындығына қатысты жұмыс берушілердің күтуі» атты жұмыс берушілер арасында жүргізілген сараптама сауалдарының қорытындысы.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерінің сапасы туралы жұмыс берушілердің пікірін, әртүрлі саладағы мамандардың нарықтағы қазіргі және перспективтік сұранысын, ЖОО кәсіпорындар мен ұжымдардың бірлесуінің механизмін зерттеу мақсатымен өткен оқу жылында сараманды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі өткен оқу жылында сараптама сауалдарын жүргізді:
1.Батыс Қазақстан облысының 35 кәсіпорын мен ұйым басшыларына (2010 жылдың желтоқсанынан - 2011 жылдың қаңтарына дейін).
2. Орал қаласының 21 ЖОББМ-нің директорларына (2010 жылдың желтоқсанынан - 2011 жылдың қаңтарына дейін).
2010 жылдың желтоқсан және 2011 жылдың қаңтар айларында сараманды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі дайындау бағытына қарамастан университет түлектерінің дайындық сапасын анықтау мақсатымен жұмыс берушілерге сауалнама жүргізді. Сауанамаға 56 кәсіпорын мен ұйым өкілдері қатысты:
1. Орал қаласының 21 ЖОББМ-нің директорларына 
2. 35 кәсіпорын мен ұйым басшылары (Үкіметтік органдар, білім беру және мәдениет ұйыдары, жергілікті атқару органдары, шағын,орта және ірі бизнес және т.б.)
Сауалнама өткізілгеннен кейін сараптама сауалдарының қорытындысы бойынша келесі деректер анықталды:  
1. Университет түлектері дайындық сапасын бағалауын сараптағанда, жұмыс берушілердің 63% жақсы, респондентертердің 28 % ортадан жоғары, 4% - ортадан төмен, 5% - нашар деген баға бергені.



2. Басқа ЖОО-мен салыстырғанда, біздің университет түлектерінің дайындық сапасын бағалауын сараптағанда, жұмыс берушілердің 77% бірдей, респонденттердің 23% БҚМУ түлектерінің кәсіби деңгейі жоғары деген баға берді.

3. Жұмыс берушілер біздің түлектерге жоғары балдарды мынадай дағдылар мен мінездемелер бойынша қойды, «Компьютерлік дағдылар» - 4,1 балл, «Коммуникативтік» - 4,0 балл, «Кәсіби білімін жетілдіруі»-4,0 балл, «Кәсіби және этикалық жауапкершілігі»- 3,9 балл. Төмен көрсеткіштер – « Салалық спецификаны білуі» - 3,6 балл, «Жаңа технологиялар»-3,5 балл, «Шет тілдерін менгеруі»- 3,3 балл


Кәсіпорындарда және ұйымдарда жұмыс жасап жүрген БҚМУ түлектеріне берілген баға

Осылайша, 2010-2011 оқу жылын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады.
1. 2010-2011 оқу жылында бітірген 1070 түлектің 786-сы жұмысқа орналасты (74%), соның ішінен 350 түлек педагогика мамандықтары бойынша, ал 436 түлек педагогикалық емес мамаңдықтар.
2. 2011 жылы аяқтаған «Құқық және экономика негіздері» мамандығының түлектерін, педагогикалық мамандықтың иесі бола тұрса да, мектептерге жұмысқа орналастыруда қиыншылықтар туындады. Бұл пән бойынша мектептерде сағат саны аз, немесе «жоқ» деуге де болады. Осыған байланысты бұл мамандыққа қосымша мамандандыру енгізіп, білім беру ұйымдарынан басқа орындарға жұмысқа орналасуға мүмкіншік жасалса. Бұл мамандық бойынша 2012 жылы ауыл квотасымен бітіретін түлек саны – 17.
3. Жыл сайын жұмысқа сұраныс көтеріліп келе жатқан ( физика, математика, химия т.с.с.) мамандықтар да бар, бірақ ауылдық жерге жіберілген студенттердің көбі қалаға қалуды жоспарлайды. Осы орайда «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен тереңірек жұмыстанса. Жұмысқа орналастыру мақсатында жүргізілген барлық шараларда ауылды көтеру тақырыптары жиірек көтерілсе.
4. Шығарушы кафедраларда студенттерінің жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігіне талдау жасалып, бітіріп кеткен түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізіліп отырса. 
5. Әлеуметтік – гуманитарлық, экономикалық, экология бойынша жұмысқа орналасуы аз мамандықтар бойынша түлектерді жұмысқа орналасуына ықпал ететін жаңа әдістері қолданылмайды.
6. Заман талабына сай қосымша дайындық үшін жұмыс берушілермен оқу бағдарламасын жасауда мекемелер және ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізілсе.

 

Трудоустройство выпускников за 2011 год

FaLang translation system by Faboba