2009-2010 оқу жылында университет бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы туралы есеп


Өткен оқу жылында сараман ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі қалалық және облыстық білім беру бөлімімен бірлесе отырып түлектерді жұмысқа орналастыру аясында педагогикалық мамандықтың жәрмеңкесі, мансап күні, педагогикалық және өнер мамандығының түлектерін сұраныс берген орындарға тарату сияқты дәстүрлі шараларды ұйымдастырды. Сонымен қатар, мамандықтар бойынша электрондық база жасақталып, университет сайтына және БҚО кәсіпкерлері Ассоциациясы, «Ауыл жастары» Одағы, Ауылшаруашылық министрлігі, аудан әкімдігінің сайттарына, ал маусым айының басында Еңбек және әлеуметтік бағдарламалар Министрлігінің сайтына орналастырылды. Сондай-ақ түлектердің жұмыспен қамту туралы Ереже жасалып, университеттің ішкі сайтына енгізілді.
Сараман және жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен түлектер арасында ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 23 қаңтарындағы №58 Қаулысы және 2009 жылдың 18 ақпанындағы №183 Қаулысы бойынша білім беру, мәдениет және спорт мамандарының ауылдық жерлерге жұмысқа орналасуы, әлеуметтік кепідемелер, өздігінен жұмысқа орналасу құқығы, «Жастар практикасы» бағдарламасы жөніндегі мәселелер талқыланған болатын. 
Жастарды жұмысқа орналастыру және мансап проблемаларын талқыланған «Өз болашағыңды жаса» атты Орал қалалық жасөспірімдер мен жастар арасында өткен 1-қалалық форумына 4 курс студенттері тартылды. Форумға Қазақстанның ірі компанияларының жетекшілері: ҚазМұнайГаз ААҚ, Кceel CSM, КПО, АМЕС, ЖБ « Сатбор», жастар саясаты жөніндегі қалалық мәслихатының комиссия мүшесі, ҚР Астана қаласынан ЮНИСЕФ өкілі, Жастар Бизнес мектебі жетекшісі, ОФ «Ашық қоғам», СДМО «Жас-Өркен», «Актив» Жастар ойлау банктеріі қатысты.
Университет түлектері 2 жыл бойы «Дипломмен ауылға» акциясына қатысып келеді. Жоғары курс студенттері арасында дөңгелек үстелдер өткізіліп, онда ауылдық жерлерге жұмысқа орналасатын студенттердің әлеуметтік жағдайы, бағдарлама бойынша оларға жасалатын әлеуметтік кепілдемелер туралы мәселелер талқыланды.
2010 жылғы түлектер саны 1055 адамды құрады. Олардың 167 түлегі- тарих және құқық факультетінің, 209 түлек - жаратылыстану-математика, 94 түлек - педагогикалық факультет, 152 түлек - филология факультеті, 241 түлек - экономика және басқару институтының және 192 түлек - мәдениет және өнер институтының бітіруші түлектері болды(16%, 20%, 9%, 14%, 23%, 18%-ке сәйкес келеді ).  
Университет бітірген студенттердің мамандықтар бағыттары бойынша үлес салмағы төмендегідей (диаграмма 1): «Білім беру»-45%, «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» - 21,3%, «Гуманитарлық ғылымдар» - 8%, «Өнер»-7,7%, «Құқықтану» және «Жаратылыстану ғылымдары »-6%, «Қызмет көрсету»-5%, «Техникалық ғылымдар және технология»-1,5% құрайды.


Диаграмма 1.
Бітіруші мамандарды дайындау бағыты бойынша пайыздық көрсеткіші


2009-2010 оқу жылында жұмыспен қамтылған түлектердің жалпы саны-766 немесе түлектердің жалпы санының пайыздық көрсеткіші 72,6%.
Тарих және құқық факультеті бойынша жұмысқа орналасу қорытындысы: тарих және құқық факультеті түлектерінің жалпы саны 167. «Тарих» (педагогикалық) -28 адам, «Тарих» (ғылыми) -18 адам, «Әлеуметтану»-9 адам, «Аймақтану»-17 адам, «Халықаралық қатынастар»-30 адам, «Экономика және құқық негіздері»-4 адам, «Құқықтану»-61 адам. 
Тарих және құқық факультетінің жұмысқа орналасу көрсеткіші мынадай: «Әлеуметтану» мамандығы бойынша бітірген 9 түлектің қазіргі уақытта 4-еуі немесе 45% жұмысқа орналасты. Оның 3-еуі мемлекеттік грант иегерлері, 2 түлек жұмысқа өздігінен орналасты. 1 грант иегері Подстепное аудандық әкімдігіне жолданған болатын, бірақ әлі жұмысқа орналасқан жоқ.  
«Аймақтану» мамандығы бойынша білім алған 17 түлектің 8-і немесе 47% жұмысқа орналасты, бұл мамандық бойынша үшеуі мемлекеттік грант иегерлері болса, 1-еуі жолдама бойынша жұмысқа орналасты да, қалған екеуі бала күтіміне байланысты бос отыр.
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген 30 түлектің 15-і (50%) жұмысқа орналасты. Оның 8 мемлекеттік грант иегерлері болса, біреуі қазіргі таңда магистратурада білімін жалғастыруда. Қалған 7-еуі әлі жұмысқа орналасқан жоқ.
«Тарих» (педагогикалық) мамандығы бойынша 28 түлектің 22-сі (78,5%) жұмысқа орналасты, оның 24 түлегі мемлекеттік грант иегерлері болды.11 түлек жолдама бойынша жұмысқа орналасты.Жолдама беріліп, жұмысқа орналаспағандардың саны-6, ал қалған 7-еуі өздігінен жұмысқа орналасты. 
«Тарих» (ғылыми) мамандығы бойынша бітірген 18 түлектің 12 -сі (66%) жұмысқа орналасты. Осы түлектердің 4-і мемлекеттік грант иегерлері болды. Бір түлек жолдама бойынша, 2-уі өздігінен жұмысқа орналасты, 1-еуі бала күтіміне байланысты бос отыр.
«Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша бітірген 4 түлектің 3-еуі жұмыс жасамайды, 1-еуі тәжірибелік сынақтан өтіп жатыр. Айта кетерлік жағдай: 4 түлектің барлығы да мемлекеттік грант иегерлері болды. «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген 61 түлектің тек 9 адамы (15%) жұмысқа орналасты. Оның 14 түлегі мемлекеттік грантта оқыса, 4-еуі ғана жұмыс жасап жатыр.


Диаграмма 2. 
Тарих және құқық факультетінің жұмысқа орналасу қорытындысы.


Сонымен, жалпы факультет бойынша 167 түлектің 70-і (42%) жұмысқа орналасқан. Грант негізінде білім алған 60 түлек, оның 30-ы (50%) жұмысқа орналасқан. Жұмысқа орналасқан түлектердің жоғары пайызын көрсеткен «Тарих» (педагогикалық) болды. Бұл көрсеткіш педагогикалық мамандықтарға сұраныс бар, сондықтан кәсіби бағдар жұмысын артыру қажет. Ал, төмен пайызды «Құқықтану» және «Экономика және құқық негіздері» мамандықтары көрсетті. 
Кафедра меңгерушілерінің айтуынша, «Құқықтану» мамандығын бітірушілердің жұмысқа орналасуының төмен болуына 1)мемлекеттік қызметтердің қысқартылуы; 2) мемлекеттік қызметте білімі мен квалификациясы сәйкес келмейтін мамандардың отыруы; 3) мамандардың жұмыс өтілінің болуы бірден-бір себеп болып табылады. 
Біздің ойымызша, бұл терең талданбаған, біржақты пікір болып табылады және осы мамандықты дайындайтын кафедраның түлектерді жұмысқа орналасудағы проблемаларды терең қарастыру қажет екенін дәлелдейді. Мысалы ғылыми «Тарих» мамандығының 4 курс студенттерінің кәсіби сарамандары күні Мемлекеттік стандартта көрсетілгендей, бүгінге дейін колледж және жоғарғы оқу орындарында жүргізілмеген, бұл кафедраның сараман жетекшілері оңай жол тауып, тек мектептерде ғана педагогикалық сараманнан өтуді ұйымдастырып келген.
Сонымен қатар, «Құқықтану» мамандығының түлектері тәжірибесінің жоқтығына байланысты жұмысқа алынбау проблемасын шешу жолы ретінде кафедра жанындағы «Заң клиникасын» пайдалану мүмкіндігі бар. Онда тәжірибе жинақтаған студенттер бітіргенде арнайы құжат беруді қарастыруға болады.  
Оқытушылар мен кафедра меңгерушілері құқық қорғау мекемелері қызметкерлерін, осы мамандық бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орынның ғалымдарын шақыру арқылы кафедраның ғылыми - әдістемелік материалдық базасын жақсарту қажет. Сондай -ақ, осы мамандықта оқитын студенттерді жүйелі түрде кәсіби даярлау арқылы басқа факультеттерінің және де мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізуге, ерекше көзге түскен түлектерге дипломмен қосымша сертификаттар берілуін қарастыруды ұсынамыз.
Қазіргі кезде факультетте осы мәселелр қарастырылып, «Әлеуметтану» және «Тарих» мамандықтары бойынша түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай туғызу мақсатында негізгі мамандыққа қосымша «Дінтану» «Қоғамтану негіздері» пәні мұғалімі ретінде қосымша мамандандыру мүмкіндіктерін қарастыру туралы ұсыныстар еңгізілді. Кафедрада прокуратура басшыларын, заң орындарын, ДВД, ДВП орындарымен кездесулер жоспарлануда.
Жаратылыстану-математика факультеті бойынша жұмысқа орналасу қорытындысы:(диаграмма 3) түлектердің жалпы саны -209 адам. Қазіргі таңда «Математика» мамандығын бітірген 27 түлектің 26-сы (96%) жұмысқа орналасты. Мемлекеттік грант иегерлері- 26 адам, оның 25-і мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты, 1-еуі бала күтімінде. «Физика» мамандығы бойынша - 34 адам (100%) жұмысқа орналасты, оның 28-і мемлекеттік грант иегерлері. Мамандық бойынша жұмыс жасамайтын 2 адам. «Информатика (педагогикалық)» мамандығы бойынша бітірген 25 түлектің 24-і немесе 96% жұмысқа орналасты (олардың барлығы мемлекеттік грант иегерлері). 21 түлек жолдама бойынша, ал үшеуі өз бетімен жұмысқа орналасты. «Информатика» (ғылыми) мамандығын бітірген 14 түлектің 12-сі (85,7%) жұмысқа орналасты, оның 9-ы мемлекеттік грант иегерлері. 8-і жолдамамен жұмысқа орналасты, 1-еуі әлі орналасқан жоқ.


Диаграмма 3.
Жаратылыстану – математика факультеті бойынша студенттердің жұмысқа орналасу қорытындысы



«География» (педагогикалық) мамандығы бойынша білім алған түлектердің 15-і (62,5,%) жұмысқа орналасты, олардың 16-сы грант иегерлері. 10 түлек мамандық бойынша жұмысқа орналасты, 1-еуі бала күтіміне байланысты бос отыр. Қалғандары әлі жұмысқа орналасқан жоқ. «География (ғылыми)» мамандығы бойынша білім алған 5 студенттің тек 2-уі мектепке жұмысқа орналасты, олардың барлығы да мемлекеттік грант иегерлері болды. «Экология» мамандығы бойынша 46 түлек бітірді және жұмысқа орналасқандар саны - 23 немесе 47,3%, қалғандарының жұмысқа не себептен орналаспағандығы жөнінде кафедра хабарсыз. «Биология» мамандығын тәмамдаған 18 студенттің 13-і немесе (72,2%) жұмысқа орналасты, 15-і мемлекеттік грант иегерлері, оның 10 түлегі мамандық бойынша жұмыс жасайды, екеуі бала күтіміне байланысты отырса, біреуі емделуде. Жолдама бойынша жұмысқа орналаспағандар саны-2. «Химия» мамандығы бойынша бітірген 15 түлектің 14-і немесе (93,3%) жұмысқа орналасты. 
Жалпы факультет бойынша 209 түлектің 153-і немесе (73,2%) жұмысқа орналасқан. Жұмысқа орналасу деңгейінің ең жоғарғы пайызын «Физика» - 100%, «Математика» және «Информатика»(педагогикалық) – 96% көрсетсе, ең төменгі пайызды «Экология» мамандығы көрсетті (47,3%). 
Биология және экология кафедрасы жетекшісі бұл мәселе туралы барлық өндірістік мекемелерде қалалық және облыстық ұйымдардың экологиялық қызметтері эколог мамандармен толық қамтылғандықтан сұраныс жоқтығын деп түсндіреді. Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналастыру туралы әлі күнге дейін толық талдау жасалмаған деуге болады.
Педагогикалық факультет бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы: түлектердің жалпы саны 94 адам (диаграмма 4).


Диаграмма 4.
Педагогика факультеті студенттерінің жұмысқа орналасу қорытындысы

 

«Педагогика және психология» мамандығын тәмамдаған 35 түлектің барлығы жұмысқа орналасты (100%), сонымен қатар «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандығын бітірген 16 түлек те 100% жұмысқа орналасты. 
Төмен көрсеткіш көрсеткен «Алғашқы әскери дайындық» мамандығын бітірген 21 түлектің 16-сы немесе 76,1% еңбекке орналасты. 13 түлек мемлекеттік грант иегерлері, қазіргі таңда барлығы да жұмыс жасайды, екеуі әскер қатарында борыштарын өтеп жатыр. Қаратөбе ауданына жолдама бойынша жіберілген 1 -еуі әлі жұмысқа орналаспаған.
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығын бітірген 23 түлектің 22-сі немесе 95,6% жұмысқа орналасты, олардың 12 түлегі мемлекеттік грантта оқыса, оның 11-і жұмыс жасап жатыр, біреуі әскер қатарында.  
Жалпы факультет бойынша 89 адам (94,6%) жұмысқа орналасты.

Филология факультетінің жұмысқа орналасу қорытындысы: факультет түлектері 152 адамды құрайды, оның 81,5% (124 адам) мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыса, 18,4% (28 адам) ақылы түрде оқыды.

Жұмысқа 100% орналасу «Филология: орыс тілі», «Филология: қазақ тілі» мамандықтары бойынша көрсетілген. Бірақ ескертетін жайт, осы мамандықтар бойынша барлығы 7 адам бітірді («Филология: орыс тілі»-1 адам, «Филология: қазақ тілі»- 6 адам). «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген 15 түлектің 13-і немесе 87% жұмысқа орналасты, оның 13-і мемлекеттік грант иегерлері болды. 1-еуі бала күтуде отыр, 1-еуі орналасқан жоқ, 11-і мамандықтары бойынша орналасты.

Диаграмма 5.
Филология факультеті бойынша жұмысқа орналасу қорытындысы

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген 47 түлектің 43-і немесе 91,4% жұмысқа орналасты. Мемлекеттік грантта оқыған 44 түлектің 29-ы өз мамандықтары бойынша еңбек етуде, 7-уі бала күтімінде, 8-і жолдама бойынша жіберілген орыннан бас тартты. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алған 55 түлектің 44-сі (80%) жұмысқа орналасты. Оның 23-і мемлекеттік грант иегерлері, олардың 20-сы жұмысқа орналасты, 2-уі орналасқан жоқ, 1-уі бала күтуде отыр. «Аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген 28 түлектің 14-і немесе (50%) еңбекке орналасты. Мемлекеттік грантта оқығандар саны-12, оның 8-і мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты, біреуі тұрғылықты жері бойынша Өзбекстанға кетті, 3-уі әлі жұмысқа орналасқан жоқ.
Жалпы факультет бойынша бітірген 152 түлектің 121-і (79,6%) жұмысқа орналасты. «Шет тілі: екі шет тілі » мамандығы бойынша 80% -ы жұмыс тапты. Сонымен қатар «Аударма ісі» мамандығы бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші ең төменгі дәрежеде. Бұл проблеманы шешуден кафедра тыс қалып отырғаны көрініп тұр.
«Экономика және басқару» мамандығының жұмысқа орналасу қорытындысы: «Экономика және басқару» мамандығы бойынша 241 түлек білім алған. «Есеп және аудит» мамандығын бітірген 44 түлектің 36-сы немесе (65%) еңбекке орналасты. Мемлекеттік гранттағылар саны - 9, 4-уі мамандық бойынша жұмыс жасайды, 5-уі әлі жұмысқа орналасқан жоқ.
«Қаржы» мамандығын бітірген 87 түлектің 57-сі (66%) жұмысқа орналасты. Мемлекеттік гранттағылар саны - 21. Оның 18-і мамандық бойынша жұмысқа орналасты, 2-і бала күтімінде, 1-уі әлі жұмыс жасамайды.  
«Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген 31 түлектің 27-і (87%) еңбекке орналасты. Мемлекеттік грант саны - 4, 3-уі мамандық бойынша жұмыс жасайды, 1-уі бала күтімінде отыр. «Туризм» мамандығы бойынша бітірген түлектер саны - 23, олардың 18-і (78,3%) жұмысқа орналасты. Мемлекеттік грантта бітіргендер саны - 19, олардың 9-ы мамандық бойынша жұмыс жасайды. Біреуі бала тәрбиесінде, 3-уі әлі жұмысқа орналасқан жоқ. Мамандығы бойынша жұмыс жасамайтындар саны - 6.
«Экономика» мамандығы бойынша 14 түлек бітірді. Оның 12-сі (85%) жұмысқа орналасты. Мемлекеттік грант саны -4, олардың 2-уі мамандықтары бойынша жұмыс жасайды, 1-уі бала күтімінде, 1-уі жұмысқа орналасқан жоқ.
«Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша 16 түлек бітірді, оның 15 адамы (94%) қазіргі таңда жұмыс жасайды. Мемлекеттік грантпен бітірген саны - 5, 4 түлек мамандық бойынша жұмыс жасайды. Мамандық бойынша жұмыс жасамайтын – 1 адам. Осылайша, институт бойынша бітірген 241 түлектің 166-сы немесе 69% жұмысқа орналасқан.( Диаграмма 6)

Диаграмма 6. Экономика және басқару институты бойынша жұмысқа орналасу қорытындысы

 

«Экономика және басқару» институтына жаңа мамандық ашу үшін құжаттар дайындау қажет. Мысалы, «Бағалау» мамандығын ашу, «Туризм» мамандығын кеңейту үшін «Мейрамхана жұмысын ұйымдастыру», «Қонақ үй бизнесі» мамандықтары бойынша қосымша мамандандыру қажет. 
Студенттерді экономикалық мамандықтарға практикалық тұрғыдан дайындауға арналған аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарыд көбейту қажет. Мысалы, аймақтық экономика талабы бойынша жаңа пәндер «Автокөлік мекемелеріндегі есеп», «Қоғамдық тамақтандыру мекемелеріндегі есеп» т.б. Біздің ойымызша, түлектерді практикада дайындау үшін институт жанындағы аймақтық экономикалық орталық заң клиникасының үлгісімен кеңес беру қызметтерінің ұйымдастыруға, есеп, салық салу, кіші және орта бизнес үшін бизнес-жоспарын құруда бітіруші студентерді жұмысқа тарту мәселесін шешуге болады. Бұл экономика және басқару мамандықтары бойынша оқу өндірістік және зерттеу базасы ретінде қолайлы болар еді. 
«Мәдениет және өнер» институтының жұмысқа орналасу қорытындысы (Диаграмма 7): бітірген түлектер саны 192 адам. Оның 6-ы «Режиссура» мамандығында оқыды, 5 адам (83,3%) жұмысқа орналасты,1-уі бала күтімінде. «Мәдени-демалыс жұмысы» мамандығын бітірген 31 түлектің 27-сі немесе 87% жұмысқа орналасты. «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығын бітірген 11 түлектің 9-ы (82%) жұмысқа орналасты, барлығы мемлекеттік грант иегерлері, мамандықтары бойынша түгелдей жұмысқа орналасты.


Диаграмма 7.
Мәдениет және өнер институты бойынша түлектердің жұмысқа орналасу қорытындысы


«Аспаптық өнер» мамандығы бойынша 1 адам бітірді, қазіргі таңда магистратурада оқиды. «Музыкалық білім» мамандығын 24 түлек бітірді, оның 22-і (92%) жұмысқа орналасты. 22 -сі мемлекеттік грант иегерлері, 20-сы мамандық бойынша еңбек етуде, 1-уі магистратурада оқиды,1-уі бала күтуде. 
«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітірген 37 түлектің 25-і (67,5%) жұмысқа орналасты. Оның 33-і мемлекеттік грант иегерлері болса, 1-уі бала күтімінде, 11-і жұмысқа орналасқан жоқ. «Кәсіптік білім» мамандығын тәмамдаған 21 түлектің 19-ы (90,4%) жұмысқа орналасты. 21 түлек мемлекеттік грант иегерлері болса, оның 18-і мамандықтары бойынша жұмыс жасайды. Біреуі бала күтімінде, біреуі әлі жұмысқа орналасқан жоқ.
«Дизайн» мамандығын бітірген 27 түлектің 23-і (85%) жұмысқа орналасты. Мемлекеттік грант иегерлері- 6, 3-уі мамандықтары бойынша жұмыс жасаса, 3-уі бала тәрбиесінде отыр. «Қолданбалы өнер» мамандығын бітірген 8 түлектің 4-уі (50%) жұмысқа орналасты, 4-уі бала күтімінде отыр. «Вокалдық өнер», «Хореография», «Библиография және кітапханатану» мамандықтарын бітірушілер 100% жұмыспен қамтылды.  
Институт бітірген 192 түлектің 171-і (89%) жұмысқа орналасқан, ең төмен көрсеткіш «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша болды.
Мәдениет және өнер институты мамандықтары бойынша дизайн фирмалары және түрлі шығармашылық мекемелермен бірлескен шаралар, жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастыру қажеттігі бар. Әлі күнге дейін шығарушы кафедралар жаңа әдістер мен шаралар үргізбей отыр, заман талабына сәйкес шығармашылық мамандықтарды дамыту қолға алынбай келеді.  
Институт басшыларымен кездесу барысында кейбір мамандықтарға мамандандырулар енгізу мәселесі қарастырылды, мысалы «Кәсіби білім» мамандығына- «Кәсіптік шебер», «Дизайн» мамандығына- «Дизайн, жарнама, маркетинг», «Суретші- безендіруші», т.б. мамандандыруды қолға алу қажет. Сондай-ақ, университетте жоғарда көрсетілген мамандықтар бойынша косымша ақылы, қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып сертификаттар табыс етуді қолға алу қажет.  
Университет колледжін «Математика», «Физика», «Ақпараттық жүйелер», «Бейнелеу және сызу» мамандықтары бойынша – 121 студент бітірді, соның 57,8% - грант иегері. 105 студенттің немесе 86,7% өз орнын анықтаған. Мысалы, 21студент жоғарғы оқу орнында білімдерін жалғастыруда, 30 – ы сырттай оқиды және жұмыс жасайды, 54-і жұмысқа орналасты, оның ішінде, ауылда – 36, қалада – 18 адам, барлығы мектептерде жұмыс жасайды. 16 адам жұмыссыз оның ішінде – 15 адам «Ақпарттық жүйелер» мамандығын бітірген, біреуі - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітірген, ол бала күтімімен үйде отыр. 
Колледждің басты проблемасы – бітіруші студенттердің жоғарғы оқу орнына арнайы даярланбауы. Оқуын жалғастырып жатқан 51 адам түрлі жоғарғы оқу орнындарында оқып жатыр, олардың тек 9–ы ғана грант иегері болды, 5 – БҚАТУ- да күндізгі бөлімде, 1 –уі Абай атындағы Қазақ ҰПУ, екеуі біздің университетімізде оқуда. Колледж басшылығы алдына бітірушілерді оқун жалғастырға жүйелі дайындауға және олардың оқу үлгірімін уақытылы бақылап мониторинг жүргізу тапсырмасы қойылды.
2010 жылы бітірген университет түлектерінің жүмысқа орналасуы – 766 адамды, яғни 72,6 % құрайды. 2008 жылы бұл көрсеткіш - 55 %, 2009 жылы – 65% болған.

Диаграмма 7.
2007-2010 жылдар түлектерінің жұмысқа орналасу динамикасы


Бұдан көрініп тұрғандай, жыл сайын студенттердің жұмысқа орналасу деңгейі артып келеді.
Сонғы төрт жылдың қорытындылары көрсеткендей, педагогикалық мамандықтар бойынша жұмысқа орналасқан студенттердің саны қарқынды өсуде. Егер 2008 жылы жұмысқа орналасқандардың саны 73,6%- ды құраса, ал 2009 жылы көлемі 84,2%-ті құрайды (512 студенттің 431-і жұмысқа орналасқан), 2010 жылы педагогика мамандықтары бойынша 86%-ы жұмысқа орналасты (470 түлектің 407-сі жұмысқа орналасты). Бұл педагогика мамандықтарға деген сұраныстардың өсуде екенін көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда жұмысқа орналасу саны 26 студетке кобірек болып отыр, ол 8,7% - ға жоғары.

Диаграмма 8 .Университет түлектерінің жұмысқа орналасу динамикасы

Институт пен факультеттер бойынша салыстырмалы көрсеткіштерді келесі диаграммадан байқауға болады. Жұмысқа орналасқан түлектердің ең жоғарғы көрсеткіші педагогика және психология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, дене шынықтыру және спорт, математика, физика, хореография, кітапхана ісі (95% - 100%) мамандықтары бойынша берілген. Ең төменгі көрсеткіш (42%) тарих және құқық факультетінің мамандықтары. Университет бойынша құқықтану мамандығы - 15%, әлеуметтану - 45%, экология, аймақтану - 47%, аударма ісі, халықаралық қатынастар - 50%, ғылыми география - 60%, есеп және аудит - 65%, қаржы - 66%, бейнелеу өнері және сызу – 67 % құрап, ең төменгі көрсеткішті беріп отыр.

Диаграмма 9
Институт және факультет бойынша көрсеткіштер


Осылайша, 2009-2010 оқу жылын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады.
1. 2009-2010 оқу жылында бітірген 1055 түлектің 766-сы жұмысқа орналасты (72,6%), соның ішінен 407 адам педагогика мамандықтары бойынша, 192 адам өнер мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналасқан түлектердің ішінде экономика және әлеуметтік – гуманитарлық мамандықтары бойынша жұмысқа түгел орналаспаған.
2. Жыл сайын жұмысқа сұраныс көтеріліп келе жатқан мамандықтар да бар, бірақ ауылдық жерге жіберілген студенттердің көбі қалаға қалу проблемасы шешілген жоқ.
3. Шығарушы кафедралардың көбі студенттерінің жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігіне талдау жасамайды, бітіріп кеткен түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізілмей отыр. 
4. Әлеуметті – гуманитарлық, экономикалық, экология бойынша жұмысқа орналасуы аз мамандықтар бойынша түлектерді жұмысқа орналасуына ықпал ететін жаңа әдістері қолданылмайды.
5. Заман талабына сай қосымша дайындық үшін жұмыс берушілермен оқу бағдарламасын жасауда мекемелер және ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізілмеген.
6. Колледж түлектерінің жоғарғы оқу орындарында білім алуға дайындау үшін үлгерімдерін бақылау, білім сапасы мониторингін жүргізуді қолға алу қажет.

 

Трудоустройство выпускников за 2010 год

 

FaLang translation system by Faboba