М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 

БЕКІТЕМІН

М.Өтемісов атындағы 

БҚМУ ректоры  А.С.Иманғалиев 

20. 09. 2016 ж.   

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлектерін жұмысқа орналастыру туралы 

ЕРЕЖЕ 

                                                                                                                                                                              

1. Жалпы ережелер

1.1 Бұл ереженің негізгі мақсаты университет түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын өткізу және ұйымдастыру болып табылады. 

1.2 ЖОО түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған  шаралар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын және университеттің сапа саясатын жүзеге асыру мақсатында Мансап орталығының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

1.3 Ережеде келесі нормативті құжаттарға сілтемелер қолданылған:

- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдедегі №319 Заңы;

- «Ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарғы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 Қаулысы.

- «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту туралы» және «білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысы.

2.    Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары

2.1  Университет сайтына №2 форма бойынша құрастырылған бітіруші курс  студенттерінің электронды ақпараттық базасы орналастырылады.

2.2  Уәкілетті органдар (облыстық білім беру басқармасы, облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы) жыл сайын (наурыз айынан кеш емес) ауыл жастарына берілетін мемелекеттік білім тапсырысы және «ауылдық квота» негізінде оқуға түскен білім гранттарының иегерлері оқитын ЖОО-ға ауылдағы мәдениет және білім беру ұйымдарына қажетті кадрлар жөнінде мәлімдеме жібереді.

2.2 Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасы, облыстық және қалалық мекемелер мен ұйымдардан жиналған бос орындар туралы ақпараттар жалпыланады; ақпарат бітіруші курс студенттеріне беріледі.

2.3 Жыл сайын наурыз айында университет факультеттерінде  түлектерді алдын ала тарату шарасы өткізіледі.

2.4 Мекемелер мен ұйымдардан алынған қатынас қағаздары бар педагогикалық, өнер мамандықтары және педагогикалық емес мамандықтар студенттеріне бекітілген тарату күнінен 15 күн бұрын №1 форма бойынша түлектерді алдын ала тарату шарасы бойынша қорытындылар жалпыланады.

2.5 Түлектерді тарату шарасын өткізу күнінен бір ай бұрын педагогикалық мамандықтардың жәрмеңкесі өткізіледі.

2.6 Педагогикалық және өнер мамандықтарының түлектеріне тарату шарасы және педагогикалық емес мамандықтар түлектеріне арналған Мансап күні шаралары жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмей өткізіледі.

3.    Мемлекеттік комиссия жұмысы

3.1 Педагогикалық және өнер мамандықтарының түлектерін таратуды Мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.

3.2 Мемлекеттік комиссия құрамын және түлектерді тарату шарасының өткізілу күнін  университет ректоры бекітеді.

3.3 Мемлекеттік комиссия өздерінің шешімінде  ҚР БжҒМ жоғарыда аталған нормативті құжаттарын басшылыққа алады.

3.4 Мемлекеттік білім тапсырысының «ауылдық квота» негізінде оқуға түскен білім беру грантының иегер-түлектері ауылдық жерлердегі мемлекеттік білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысына сәйкес).

3.5  Мемлекеттік білім тапсырысы негізінде оқуға түскен педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантының иегер-түлектері қалалық және ауылдық жердегі жұмысқа жіберіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысына сәйкес).

3.6Ақылы түрде оқыған студенттер еркін түрде таратылады немесе өз еркімен ұйымдар мен мекемелердің сұранысы бойынша жұмысқа жіберіледі.

3.7 Жас мамандарды жұмысқа жіберу шешімін Мемлекеттік комиссия шығарады.

3.8 Түлектерге оқу жылы аяқталған соң Мемлекеттік комиссиясының шешімімен жұмысқа жолдама беріледі (форма №3).

3.9  Жұмысқа жіберілген жас мамандар жұмыс орындарына ағымдағы жылдың   1 тамызына  дейін барулары керек.

4.  Есеп беру және бақылау

4.1 Әр оқу жылының қыркүйек-қазан айларында Мансап орталығы бітіруші кафедралармен бірге Мемлекеттік комиссия шешімімен жұмыс орындарына барған жас мамандарды бақылайды.

4.2 Түлектерді жұмыспен қамту қорытындылары факультет кеңестерінде және кафедра отырыстарында талқыланады.

4.3 Алдыңғы оқу жылы түлектерінің жұмыспен қамтылу есебі жаңа оқу жылының басында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ң Ғылыми кеңесінде тыңдалады.

Қосымша

 

FaLang translation system by Faboba