М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерін 28.02.2017 ж. сағат 09.00-13.00 аралығында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі ғимаратында өтетін арнаулы және жоғары оқу орындарын бітіретін түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырамыз.  Жәрмеңке барысында сондай-ақ жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, тұрғын үйге қол жеткізу жолдары мен кәсіпкерлік ашу тетіктері бойынша тегін кеңестер беріледі.

2016 жылы 16 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Спорт сарайында дәстүрлі Мансап күні өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – педагогикалық емес  мамандықтардың («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Туризм», «Ақпараттық жүйе», «Экология», «Құқықтану», «Дизайн» т.б.) түлектеріне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуына, түйіндемелерін қалаған мекемелерге бір уақытта тапсыруға мүмкіндік беру.

2016 жылдың 15 сәуір күні жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Білім», «Өнер», «Қызмет көрсету» бағыттары мамандықтарының түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының, көршілес Атырау және Маңғыстау облыстық білім басқармаларының, Орал қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен кадр бөлімінің жетекшілері, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының және аудандық мәдениет бөлімдері мен балалар шығармашылығы орталықтарының өкілдері қатысты.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де Жұмыс берушілер кеңесі өз жұмысын жемісті атқарып келеді. 2015-2016 оқу жылында Жұмыс берушілер кеңесі құрамында факультеттер мен кафедралардан ұсынылған тізім бойынша 40 адам бар. 

2014 жылдың 4-сәуір күні жылма-жыл ұйымдастырылатын дәстүрлі педагогикалық мамандықтардың түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді. Шараға Орал қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен кадрлар бөлімінің бастықтары, сонымен қатар облыстық және аудандық мәдениет орталықтарының өкілдері қатысты.

2014 жылдың 16 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәстүрлі Мансап күні өткізілді.

3 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде түлектерді жұмыспен камтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында жоспарланған көлемді шараларының бірі «Заман талабына сай педагогикалық кадрларды дайындау және олардың жұмысқа орналасуы туралы көкейтесті сұрақтар» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Шараның мақсаты - сапалы білім беру ортасын қалыптастыру саласындағы мәселелерді шешуде. Жұмыс берушілер мен университет арасындағы ынтымақтастықты күшейту. Шараға 30 мекеме қатысты.

2013 жылы 12 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәстүрлі Мансап күні өткізілді

11 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде түлектерді жұмыспен камтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында жоспарланған көлемді шараларының бірі «Жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып білім беру бағдарламаларын жетілдіру: мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2013 жылдың 10-сәуір күні жылма-жыл ұйымдастырылатын дәстүрлі педагогикалық мамандықтардың түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді.

 

FaLang translation system by Faboba