Кездесуді университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Ғ.Қ.Жүсіпқалиева ашты. Ғалия Қайдарқызы аудан өкілдеріне университет туралы баяндап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мағлұмат беріп өтті.

Сөз алған аудан әкімі Абат Абайұлы ауданның бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігіне, саяси-экономикалық даму көрсеткіштеріне, атқарылып жатқан жұмыстар турасында толық мағлұмат беріп өтті. Кездесу барысында университет студенттері өз сұрақтарын қойып, оларға толық, тұщымды жауаптар алды.

Шара соңында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Казталов ауданы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

FaLang translation system by Faboba