11 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде түлектерді жұмыспен камтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында жоспарланған көлемді шараларының бірі «Жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып білім беру бағдарламаларын жетілдіру: мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты - сапалы білім беру ортасын қалыптастыру саласындағы мәселелерді шешуде Жұмыс берушілер мен университет арасындағы ынтымақтастықты күшейту. Шараға 30 мекеме қатысты, олардың ішінде олардың ішінде «НұрОтан» ХДП облыстық филиалы төрағасының 1-орынбасары Нигмет Кенжеғали Әлжанұлы, «ӨЖК «Серік» ЖШС директоры Мергалиев Серик Ролланович, Қарашығанақ б.в шетелдік компаниясынан Қожахметова Асел Айболатқызы және басқалары қатынасты.
Кездесуді  университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Иманғалиев Асхат Сәлімұлы алғы сөзінен кейін факультет декандарының  мамандықтарды таныстыру презентациялары жалғастырды.
Дөңгелек үстел барысында білім бағдарламасы аясында түлектердің біліктілігіне қойылатын талаптар, аймақтық еңбек нарығындағы басты мәселелер және оның 2012-2013 оқу жылы жас мамандардың жұмысқа орналасуларына тигізетін әсері, жетекшi компаниялардың жас мамандарды жұмысқа орналастыруы бойынша тәжірибелері сияқты мәселелері талқыланды. Шараға қатысқан барлық мекеме өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында дөңгелек үстелде қаралған сұрақтар мен мәселелерді қорытындылай келе, ұсыныстар жобасы жасалды. Жоба бойынша жұмыс берушілерге университетпен әлеуметтік байланысын жетілдіруге (мақсатқа бағытталған мамандарды даярлауға гранттар мен стипендиялар бөлу, оқу-ғылыми зертханалық база құруға көмектесу); студенттерге кәсіби және дипломалды сараманнан өту кезінде көмектесуге; ұзақ мерзімді келісім-шартқа отыруға ықыласты болуға; мүмкіндігінше Мансап күні, жастар практикасы және тағы да басқа осы бағыттағы шараларға демеуші болуға; жоғары оқу орындарының түлектерін белгілі бір мақсатта мамандандыруды көздейтін ортақ бағдарламалар жасауға ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар жұмыс берушілер құрамы бекітіліп, төмендегідей міндеттер қабылданды.
Университетке міндеттер:
- Жұмыс берушілерді Мемлекеттік аттестациялық комиссияның құрамына қосу;
- Жұмыс берушілерді элективті пәндер бойынша лекция оқуға тарту мүмкіндіктерін қарастыру;
- Курстық және бітіруші  біліктілік жұмыстардың тақырыптарын жұмыс берушілермен келісе талқылау және бекіту;
- Жұмыс берушілердің оқу орталықтарын құру бойынша бастамаларын қарастырып, сонымен қатар оларды олимпиадалар мен  ғылыми жобалардың конкурстарын  ұйымдастыру жұмыстарына тарту;
- Жобалық қызмет әдісімен сараман өткізуге көшуді жүзеге асыру, студенттерді сараман базалары бойынша жұмыс берушiлердiң тiлектерiн ескере отырып бөлу;
- Факультеттерде компаниялардың презентацияларын өткізулеріне ықпал ету;
- Университет ғимараттарында жұмыс берушілер үшін ақпараттық тақта орналастыру; 
- Университет түлектерінің іскери қарым – қатынас тәжірибелерін қалыптастыру және тілдік  дайындықтарын күшейту.

Жұмыс берушіге:
- Университетпен әлеуметтік серіктестіктің дамуына ықпал жасау (мақсатты шәкіртақылар мен гранттар тағайындау, оқу – ғылыми лабораториялар мен т.б. құруда жан – жақты көмек көрсету);
- Серіктестік туралы универститетпен ұзақ мерзімді келiсiм-шарттарға отыру бастамаларын көтеру, ғылыми саланы, сонымен қатар өндірістік және дипломалды сарамандарын өткізуді ұйымдастыру;
- Түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымдастырылатын шараларға (түлектерді тарату, Мансап күні, мамандықтар жәрмеңкесі) белсене араласу

 

Университетке факультеттер  арасында жұмыс берушілермен қарым-қатынастың инновациялық жобасын іске асыру бойынша  конкурсын ұйымдастыруға; жұмыс берушілерді университеттің шараларына қатыстыруға; факультеттерде компаниялардың презентациясын ұйымдастыруға жәрдемдесуге; университет түлектерінің іскерлік дағдысын және  тілдік дайындығын қалыптастыруға ұсыныстар жасалды.

FaLang translation system by Faboba