Шараға облыстық (қалалық) жұмыспен қамту басқармалары, облыстық (қалалық) мәдениет, мұрағат және құжаттама  басқармалары, облыстық, қалалық, аудандық білім беру бөлімдері,  шығармашылық орталықтар, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. шетелдік компаниясы, ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалы, ІІ деңгейлі банктердің облыстық филиалдары, ӨЖК «Серік» ЖШС, БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, облыстық және қалалық ішкі істер департаменті, акционерлік қоғамдар, биологиялық-экологиялық орталық, кадрлық агенттіктер, тілдік оқу орталықтары, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, туристік фирмалар тәрізді 70-ке тарта мекемелер қатысты. 

Дәстүрлі «Мансап күніне» университетті үстіміздегі жылы аяқтағалы тұрған педагогикалық емес мамандықтардың 457 студенті қатысты. Олар өз кезегінде жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуға, түйіндемелерін тапсырып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Шара салтанатты және жұмыс бөлімінен тұрды. 

 

 

   

FaLang translation system by Faboba