М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектері сайтына қош келдіңіздер!
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – облысымыздағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны, аймақтағы ірі білім беретін және оқу-ғылыми орталығы ретінде өзінің тарихын және жақсы дәстүрлерін сақтап қоймай, үздіксіз дамытып және жетілдіріп келеді.
Ғасырға жуық шежірелі тарихи жолы бар білім ордасы – Қазақстанның батыс өңірінің ғылым, білім, мәдени, экономикалық дамуына өлшеусіз үлесін қосқан зор мақтаныш иесі.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетік университетінің миссиясы – Қазақстанның батыс аймағын жаңа кадрлармен және ғылыми ресурстармен қамтамасыз ету, оның жедел және әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосуын арттыру.
Мақсаты – зор білімді және ғылыми инновациялық инфрақұрылымы жоғары халықаралық деңгейдегі классикалық университет болу.
Басты міндеті – оқу, ғылым, тәрбие үрдісінің бірлігі мен жаңашылдығының арқасында түлектердің кәсіби деңгейін жоғарылату және олардың еңбек нарығында қабілеттілігін қамтамасыз ету.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы